Р.Отарбаев шығармалары театрда сахналанады

(0 Votes)

Бүгін театр фестивалінің ашылу салтанаты аясында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған театр майталмандары,  қоғам қайраткерлері мен Рахымжан Отарбаевтың жанұясы қатысты.

whatsapp-image-2019-11-18-at-17_03_401

-    Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек.  Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз, - деді Асанәлі Әшімов.

whatsapp-image-2019-11-18-at-17_03_40

Сондай-ақ, жиын барысында автордың  «Бас», «И был я подобием твоим...», «Плач Чингисхана» туындылары мен  Рахымжан Отарбаевқа арналған «Аңыз адам» журналының қараша айындағы санының тұсауы кесілді.

whatsapp-image-2019-11-18-at-17_03_42

18-22 қараша аралығында Атырау жұртшылығына көрсетілетін мәдени шараға еліміздің  9 шығармашылық ұжымы қатысады.  Олардың  өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және  Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521