Қола жүлдені қанжығасына байлады

(0 Votes)

16-17 қараша аралығында Украина елінің Донецк қаласында 2003 және 2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан Халықаралық  турнир өтті. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас палуандар қатысып, бақ сынады. 

Айтулы жарысқа Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Өтеулиев Арсен қатысқан болатын. 60 келі салмақта өнер көрсеткен ол, татами төрінде бес белдесу өткізді. Арсен жарыс барысында Украина, Ресей, Қазақстан спортшыларының жаурынын жерге тигізіп, мықтылығын танытты.

whatsapp-image-2019-11-18-at-19_12_00

Десе де, Дағыстан спортшысына есе жіберіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Жас палуан қарсыластарын таза ұтып, өз тобынан үздік шықты. Бапкері Азамат Бегалиев шәкіртінің жеңіске жететініне сенімді болғанын жеткізді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521