"Бала дауысы" бесінші маусымы

(0 Votes)

26 наурыз бен 25 сәуір аралығында Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтықтан іріктеу кезеңі өтеді.

Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады.

Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез- келген тілде және кез- келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.

1a00bd9f-f46a-422a-88e9-56d3140d942d

"Бала дауысы" - бұл әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі - Диснейлендке жолдама алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры.

3285b924-eeef-428e-a17c-f52339867ffa

Толық ақпаратты Конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан біле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында 26 наурыздан бастап қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521