"Астана" алғашқы ойынды жеңіспен бастады

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" Португалияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында Англияның "Брентфорд Б" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:2 есебімен жеңді.

Матчтағы есепті шабуылшы Рамазан Кәрімов ашты. Ойынның 28-минутында ағылшындар есепті теңестірген болатын. Дегенмен, үзіліске дейін Дорин Ротариу қайтадан "Астананы" алға шығарды.

Екінші таймның соңғы жағында Алексей Щеткин мен командаға жаңадан қосылған Тигран Барсегян мергендігімен көзге түсті.

 

"Астана" (Қазақстан) – "Брентфорд Б" (Англия) – 4:2.

"Астана" (бірінші тайм): Дмитрий Непогодов, Дінмұхаммед Қашкен, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков (К), Иван Маевский, Юрий Перцух, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Рамазан Кәрімов;

"Астана" (екінші тайм): Станислав Павлов, Марат Быстров, Жарко Томашевич, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Макс Эбонг, Рунар Мар Сигурьонссон, Тигран Барсегян, Дидар Жалмұкан, Алексей Щеткин;

"Астана" Португалияда халықаралық "Atlantic Cup" турниріне қатысып жатыр. Енді алдағы күндері Данияның "Копенгаген" мен "Брондбю" командаларымен кездеседі.

baq.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521