Аралас жекпе-жектің спортшысы Абылай Төлешке джип мінгізді

(0 Votes)

Атыраулық Абылай Төлеш футболшы болуды армандаған еді. Жасөспірім шағында ол ауылдағы футбол секциясында жаттығады. Бірақ матчтардың бірінде дзюдо жаттықтырушысы оған жақындап, жекпе-жекпен шұғылдану үшін көрші ауылға көшуді ұсынады.

Қазан айында Мәскеудегі турнирде 26 жастағы спортшы панкратионнан әлем чемпионы атанды. Бұған дейін Атырауда GFC-17 турнирінде ресейлік ММА жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың алдында грузин спортшысы Заку Фатуллазаданы тізе бүктірген болатын.

Соңғы жылдары аралас жекпе-жектер әйгілі бокстан оза бастады.
Мәселен, Сауль Альварестің ресейлік Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жегінің басталуы UFC-нің қарапайым шайқасын көре алатындай етіп кейінге қалдырылды.

Келесі күні есімі жасырын меценат Абылайға қызыл лентамен байланған жаңа джип берді. XAN әріптері бар нөмері көлік сыйлықты одан да қымбат етіп тұр.

sports.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521