Алты жасар Әділет топ жарды

(1 Vote)

Атырау  қаласында  «Daryndar   Alemi» Халықаралық  шығармашылық  бірлестігінің  ұйымдастыруымен «ART – dance.kz»  би порталының  қолдауымен  өткен  халықаралық «Жас Дарын» балалар  конкурсында  Рыспай Ғабдиев атындағы балалар  өнер  мектебінің  жас  өрені, домбырада ойнаған 6 жасар  Естаев Әділет ерекше  көзге  түсті. 

Өзге қатысушылардан оқ бойы оза шапқан Әділет бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен  қатар, конкурс  ұйымдастырушыларының  арнайы  дайындаған  кубогы, диплом  және  ақшалай  сыйлығына ие  болды. Әділетті Шолпан Жылқышиева дайындаған  болатын.

Мектебіміздің кішкентай шәкірті әлі талай өнер  биігінен көрінеді деп сенеміз.

Естай Ғинаятов,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521