Шілде айында Медициналық Сақтандыру Қорына 195 млрд теңгеден астам жарна түсті

(0 Votes)

 Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына еліміз бойынша 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті. 

 Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады.

Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта  жинақталған Атырау облысы бойынша жарнаның жалпы сомасы 12 млрд 508 млн теңгені құрап отыр.

Оның 12 млрд 206 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 301 млн. теңгеден астамы (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.  

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

+ 7 7122956936

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521