Студенттік шәкіртақының жаңартылған көлемі жарияланды

(0 Votes)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Студенттік шәкіртақының жаңартылған көлемі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға артатынын жариялаған болатын. Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов айтып берді.
 
2001290003540430f
 
«Студенттердің шәкіртақысын көтеруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы 25% өседі. Бұл Президенттің тапсырмасы және ол өз уақытында орындалады. Енді ол үшін қанша қаражат керек деген сұрақ туындайды. Бір жылды алып қарасақ, ЖОО студенттеріне 13 млрд теңге қаржы қажет», - деген еді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521