“Ел Арна” мен “Балапан” телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді

(0 Votes)

 Сабақты Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жекеменшік оқу орындарының үздік мұғалімдері өткізеді.

 6 сәуірден бастап “Балапан” мен “Ел арна” телеарналарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ өтеді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

“Қазір әр күн осы телесабақтың арнайы түсірілімі жүріп жатыр. Балалар үшін екі мыңнан аса телесабақ дайындалады. Нұр-Сұлтан мектептерінің, Назарбаев зияткерлік мектептері, республикалық, халықаралық, жекеменшік мектептердің үздік педегогтері еліміздің барлық оқушысы үшін сабақ өткізеді. Мұғалімдерге тек қолдау керек”, – деді Қаринова.

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады, балалар қашықтан оқытылады.

“Қашықтықтан оқыту мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Қиын-қыстау кезеңде мұғалімдерді онлайн сабақ түсіруге мәжбүрлеп жатыр деген жаңсақ пікірден аулақ болайық”, – деді ол.

Қаринова мектептердің бір бөлігінде сапалы интернет жоқ екенін мойындады. Кейбір балаларда компьютер де жоқ. “Бұл мәселелердің әрбірі жеке шешіледі”,- деп атап өтті вице-министр.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521