Бастауыш мектеп жарқырап тұр

(0 Votes)

Жаңа оқу жылына жаңаша серпінмен кіріскелі отырған ұжымның бірі - №2-ші бастауыш мектебі. Алыстан қол бұлғайтын алтын ұяның айнадай жарқырап тұруы шәкірттер үшін де көңіліне қуаныш, ынтасына ерекше әсер.

Аталмыш бастауыш мектептің шаруашылық істерінің меңгерушісі Құралай Аяғанованың айтуынша, ішкі әктеу, сырлау жұмыстары толығымен аяқталып, сыртқы жұмыстарды осы аптада бүтіндей бітіру жоспарлануда. Еденіне дейін көркем суретпен көз тартатын бұл бастауыш мектептің іші расымен де, кірсе шыққысыз.

k

m

Сонымен қатар биыл жарықпен қамту жұмыстары да жақсы жолға қойылған екен. Аталған мектеп шәкірттерінің санасын сәулелендіріп қана қоймай, жүрер жолына дейін жаңадан орнатылған алты бірдей прожектормен жарық етпек. Жаңадан жарық лампаларымен жабдықталған дәлізде ток көзін бұрынғыдан бірнеше есе аз жұмсайтын көрінеді.Ал, білім беру процесіне керекті құрылғылар бұған дейін толығымен қамтылып қойылған.Осылайша жай жөндеу жұмыстарын жоспар бойынша тындырып жатқан білім ошағы жаңа оқу жылына дайын отыр.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521