Үзіліссіз секіртпемен секіруге қалайсыз!

(0 Votes)

Дене белсенділігі – саламатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі компоненттердің бірі.

Ол – адам ағзасының толыққанды дамуын, өсуін және оның физиологиялық қызметтерінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ, ағзаның зат алмасу деңгейін, бұлшықеттік, қаңқалық және жүрек-қантамырларын жүйелерінің жағдайын анықтайтын негізгі фактор. Жалпы, адам ағзасындағы қызметтерді реттеп отыратын барлық жүйелер ағзада әрқашанда қимыл-қозғалыстың болуын қажет етеді. Себебі, қозғалыс осы жүйелердің жұмысының жүйелі орындалуына өте үлкен септігін тигізері анық. Бірақ, бүгінде қоғамда әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың өзгеруі, ғылым мен өркениет дамуының шарықтауы және заманауи технологиялардың пайда болуы әсерінен қозғалыстың күннен күнге азайып жатқанын аңғарамыз. Соңғы жылдары қоғамдағы негізгі мәселелердің бірі де осы болып отыр. Осы тұрғыда адам жасының ұлғаюы, физикалық және психикалық жағынан дамуы, денсаулықты нығайту, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның төтеп бере алуы т.б. жайында мәселелер туындайды.

Дене белсенділігі – бұл дене және психикалық денсаулықты жақсартудың тиімді жолы. Алайда, адамдардың көпшілігі күнделікті өмірде дене белсенділігінен алшақ, бұл олардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін ауыр салдарларға алып келеді. Бағалау мәліметтері бойынша, ДДСҰ Еуропалық аймағында (оған Қазақстанда кіреді) жыл сайын 600 000 өлім-жітім жағдайы халықтың дене белсенділігі деңгейінің төмендеуінен болады. Бұл жетекші қауіп факторын жою жүрек-қантамыр аурулары, инсулинге тәуелсіз қант диабеті, артериялық қысымның жоғарылауы, қатерлі ісіктердің кейбір жаңа түрлері, сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары, сондай-ақ, психологиялық бұзылыстар сияқты денсаулық бұзылыстары қаупінің төмендеуіне алып келер еді.

Көптеген елдерде дене белсенділігінің төмендеуі дене салмағын қосуға, семіздіктің дамуына ықпал етеді және адамдардың жалпы денсаулық, жүрек-қантамыр аурулары, диабет пен қатерлі ісік, сондай-ақ, олардың қауіп факторларын қоса, жоғары қан қысымын, қандағы қант деңгейінің артуымен артық салмақ санының артуынан көрінеді. Қазақстанда жүрек-қантамыр аурулары (атеросклероз, гипертония және басқа, инфарктпен немесе инсультпен аяқталатындары) әр екінші өлімге себеп болады. Соған орай, дене белсенділігін арттыру – халықтың өлім-жітім жағдайларын төмендетудің маңызды факторы.

Денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларының тиімділігі зор. Жоғарыдағы ауруларды болдырмас үшін күнделікті дене жаттығуларын жасау қажет. Барлық адамдар, әсіресе қозғалысы аз өмір салтын ұстанатын адамдар денсаулығын сақтау үшін өзінің күн тәртібіне дене жаттығуларын қосуы қажет. Дене жаттығулары жүктемеге төзімділікті жеңілдетіп, жұмысқа қабілеттілікті жақсартады, дене салмағын қалыпты ұстауға көмектесіп, зат алмасу барысын ынталандырады. Гиподинамияның дамуына жол бермеу үшін және өлімге душар ететін көптеген аурулардың туындау қаупін азайту үшін барлық медициналық ұйымдарда, соның ішінде біздің емханада денсаулық мектептері жұмыс жасайды. Алайда, осы мектептерге тұрғындардың келуі, аурудың алдын алу сабақтарына қатысуы онша мәз емес. Соңғы бір жылдың ішінде дәрігер мамандардың дене белсенділігі туралы ақпараттарды насихаттауы нәтижесінде жүрек қан тамырларынан болатын аурушаңдық 145 науқасқа, семіздік 8 науқасқа, бұлшық ет және буын аурулары 20 науқасқа азайған. Жаттығу жүктемелеріне жаяу жүру, велосипед тебу, суда жүзу, теннис ойнау, спорт ойындары және ритмикалық гимнастика жатады. Олардың әрқайсысының орны бар.

Осыған орай 8 қыркүйек күні сағат 09:00-12:00 аралығында аудан орталығы – Мақатта орталық алаңда «Денсаулық фестивалі-2018» акциясы ұйымдастырылады. Акцияға барлық аудан тұрғындары, жасөспірімдер мен жастардың қатысуына болады. Бұл күні 2 минут секіртпемен секіріп, өз дене белсенділігіңізді көрсетуге шақырамыз.

Аудандық аурухана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521