Жолдау жастар ортасында талқыланды

(0 Votes)

Өткен сәрсенбіде аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мақат мұнай газ және технологиялық колледжінде жастармен кездесу кеші өтті.

Кездесуде Елбасының биылғы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы Жолдауы жастарға насихатталып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Шараны аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова жүргізіп отырды. Оған "Жас Отан" ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Гилажев, "Жас Отан" ЖҚ Атырау облыстық филиалының консультанты Динара Саматова және кенттегі мекеме жастары мен студенттері қатысты.

-Биылғы жолдау жастар үшін өте ыстық болды,-деді Ә.Қаржауова. Өйткені, келер жыл «Жастар жылы» деп мәлімделді. Жастар үшін бұл - үлкен мәртебе. Президентіміздің жастарды ерекше атап өтуі, біздің бойымызға үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Бұл жақсы жаңалық болғанымен, үлкен жауапкершілікті де қажет етеді. Себебі, аудан жастарымен тікелей жұмыс жасайтын орталық ретінде біз жаңа мүмкіндіктерге жол ашуымыз керек деп сөзін қорытындылады Әсел Шайзадақызы.

Ринат Маратұлы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін және бұл бас-тама жастар үшін жасалған үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Әр бастаманың жастардың жай-күйі­нің оңалуына қалай әсер ететінін жіктеп айтып берді. Жиын қорытындысында арнайы келген қонақтар Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, жастармен өзара пікір алмасты. Жастар көкейкесті сұрақтарын жаудырып, тиісті жауаптарын алды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521