Жолға шығу мұң болды

(0 Votes)

Ауданымызға арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсенбаев пен облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин аудан әкімдігінде болып, аудан әкімі Жұмабай Қарағаевпен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Сенат депутаты Парламентте қаралған 87 заңға енгізілген Конституциялық өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, ел аймағындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін табу мақсатында жасаған қадамдары туралы баяндады. Ауыз су көздері, экономикалық бағыттағы жолдардың салынуы мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобалар елдің әлеуетін арттырып, стратегиялық жоспарларға еніп отырғанынан хабардар аудан депутаттары мұнайлы өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы мәселелерді тарқатты. Аудандық мәслихат депутаттары Ахмет Ищанов аудан аймағында суармалы жерлердің аздығы қолбайлау болғандықтан, су көздерін тарту мәселесіне қолдау болса, сонымен қатар, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру мақсатындағы республикалық стартап(startup) гранттары көбейтілсе, -деген ұсыныстарын жеткізсе, Гүлзада Саликова қазіргі таңда пойыз билеттерінің қат болуы, тіпті, 40 күнге дейін жол жүруді жоспарлаудың мүмкіндігі жоғы мәселе туындатып отырғанын алға тартып, Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясына жергілікті халықтың мұңын жеткізуді өтінді. Сондай-ақ, аудандағы қорғаныс істер бөлімінің көне ғимараты әскери шаралардың жүзеге асуы үшін заманауи талаптан шыға алмай отырғанын бұған дейін де сенат депутаты есіне сала отырып, алдағы уақытта шешімі болса деген ұсынысын қайталады. Халық қалаулысы халықтың тұрмысы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы өзге де мәселелерге тоқталып, пікір бөлісті.

Л.МЫҢБАЙҚЫЗЫ.

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521