Жастарды қинайтын екі мәселе – баспана мен жұмыс

(0 Votes)

Сәрсенбі күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Шәкір Кейкин жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады.

Кезекті қабылдауда тұрғындар өздерін мазалаған сауалдарын қойды. Тұрғындардың басым бөлігін жұмыс және баспана мәселесі толғандырды. Доссор кентінің тұрғыны Дина Сабыржанова жұмысқа орналасуға көмек сұрайды. Мұнай және газ өндіру операторы маманы осы уақытқа дейін мамандық бойынша жұмыс жасап көрмеген. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысы Гүлжанар Өтешова жұмыс сұраушының орталыққа тіркелмегенін айтты.

img_1021

«Жұмыспен қамтылу үшін алдымен орталыққы жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Кезек бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылады. Реті келсе, тұрақты жұмыспен де қамтылуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мамандығы жоқ болса орталықтан тегін мамандық оқуға болады»,- деп жауап берді.

Доссор кентінің тұрғыны Гүлзира Жаумитова тұрғын үй мәселесін қозғады. Ол баспана кезегінде жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған санатта тұрған. Бірақ, атында пәтер болғандықтан, кезектен алып тастаған. Көпбалалы ана енді заң бойынша кезекке тұра алмайды. Алайда, ұлы муай-тайдан әлем чемпионы Еламан Саясатовқа үй сұрады. Жауапты мамандар заң бойынша олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпиондарын тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін айтты. Дегенмен, ұлының айналысатын муай-тай спорты бұл ойындардың түріне жатпайды.    

img_1039                         

Әсемгүл Саясатова да мамандығы бойынша жұмыс сұрап келді. Белгілі болғандай, Әсемгүл тамыз айында жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша С.Шарипов атындағы мектеп-интернатына бастауыш білім беру мұғалімі ретінде жолданған. Бастауыш мұғаліміне бос жұмыс орны жоқ болғандықтан, аталмыш мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының көмекшісі қызметін атқарып жүргені белгілі болды.                                              

Қабылдауға жазылған басқа да тұрғындардың мәселесі баспана болды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Айдос Айжарықов тұрғындардың сауалына тұрғын үй кезек бойынша берілетінін айтып, әр тұрғынның кезектегі тұрған ретін нақтылып берді.  

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521