«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» оны қатарға қосу-қоғамның міндеті

(0 Votes)

«Пробация туралы» заң - Елбасының  Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 33-қадамын жүзеге асыру бағытында қолға алынған жұмыстардың нақты нәтижесі.

Пробация қызметінің басты көздегені – шартты түрде бас бос­тандығынан айырылғандарға әлеу­меттік-құқықтық, психо­логиялық, медициналық көмек көрсету ар­қылы олардың қайта қылмыс жасауларына жол бермеу. Өмір болған соң, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Ал сотты болып жазасын өтеп жүрген­дерді өмірге қайта бейімдеудің мәні зор. Оның үстіне, бас бо­стандығынан айыруға балама жаза түрлерін қолдануға мол мүмкіндік. Аяғын шалыс басып, сүрінген адам үшін осының өзі түзеу, оң жолға салу.

img_7380

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қылмыстық жазасын өтеген адамдарға  және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның отырысы болып өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметі туралы басшысы Р.Бақтыгерей  және халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Есенғужиннің, полиция бөлімінің инспекторы Б.Жанаевтың баяндамалары тыңдалды. Жиынға консультациялық-кеңесші органның мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар – пробация қызметінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтармен атқарылған жұмыстар, аудандық пробация қызметінің жылдық қорытындысы, аудандық ішкі істер бөлімінің бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандармен атқарылған шаралар туралы  талқыланды.

img_7385

Отырыста медициналық көмекке жүгінген азаматтардың қаралу мерзімі, жеке басын куландыратын құжаттың болу мәселесі көтерілді. Шындығында, жазасын өтеп келген жан аз ғана уақыттың ішінде медициналық тексерістен өтуі шарт. Өйткені жұмыс іздеуші сапында болуы үшін де денсаулығының жарамдылығы ескеріледі. Осы жерде жүйелі жұмысты ұйымдастыру шаралары нақтыланды.

Толығырақ газетіміздің №46 (952) санынан оқи аласыздар.

Е.МЫРЗА

Cуретті түсірген А.Садықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521