Жанға жайлы жаңа нысан

(0 Votes)

Өткен аптада ауданда «Сәтті» ойын-сауық кешені ашылды.

Кешеннің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Шаңғалаев, Мақат кенті әкімі Б.Жайкин, аудан кәсіпкерлері қатысты. Жаңа нысанның дәстүрлі түрде лентасын қиып, шашуын шашқан тілеулес жандар ақжарма тілектерін арнап, жастардың демалыс орнына айналатынына сенім білдіріп, халық игілігі үшін қолға алынған істеріне сәттілік тіледі. Жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған кешенде бильярд, караоке бөлмелері, сондай-ақ, дәмхана-мейрамханалар орналасқан. Жанға жайлы жаңа нысанда әртүрлі тағам түрлері мен қатар, ұлттық сусындарымыз қымыз, шұбатқа тапсырыс беруге болады. Ғимарат іші көздің жауын алатындай әдемі безендірілген және заманауи талапқа сай ыңғайлы орналасқан. Мемлекеттік бағдарлама қолдауымен несие алып, өзі ісін бастаған Әсет Нұғманов қазіргі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521