Жалынды жастар

(0 Votes)

Білімді ғана емес, зияткерлік қабілетті терең зерделеуді мақсат ететін "Білім-Ринг" сайысы бүгінгі күні жастар арасында кеңінен танымал.

Кейінгі кезде аталмыш сайыс аудан жастары арасында да кеңінен насихатталып келеді.

Өйткені, бұл ойында тек қана сайысып қоймай, ойдың ұшқырлығы да сынға түседі. Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 21-ші қыркүйек күні Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығы мен "Жастарды қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан мекемелері арасында "Білім-Ринг" сайысы өткізілді. Жастардың интеллектуалды дамуына бағытталған сайысқа он бір мекеме қызығушылық танытып, атсалысты.

Атап айтсақ, "Мақат мұнай және газ технологиялық колледж жастары", "Мақат локомотив пайдалану депосы", №76 Л.Шахатов атындағы орта мектебі, "Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері", Х.Санбаев атындағы орта мектебі, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, "Нұрбөбек" бөбекжай-балабақшасы, "№54 бөбекжай-балабақшасы", "Шапағат" шипажай бөбекжай-балабақшасы, "Мақат жастары" командалары бақ сынады. Қойылған сұрақтарға тек білімді ғана емес, сонымен қатар логикалық және командалық талқыға салу арқылы шешім қабылданатын ойында қатысушылар жеребе арқылы қарсыластарын анықтады. Кейін, ойын басталып, айналым арқылы сайыскерлер жеңіске ұмтылды. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ-орынды «Шапағат» шипажай бөбекжай-балабақшасының ұжымы, ал ІІ-орынды «Мақат жастары» командасы еншіледі. Мақат локомотив пайдалану депосының ұжымы қарсыластарынан оза шауып, сайыс жеңімпазы атанды. Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Білім бәйгесінің жеңімпаздары Атырау қаласында өтетін айналымға жолдама алды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521