Жөндеушілердің жетістігі мол

(0 Votes)

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері күннен-күнге қарыштап дамып келеді.

Ел экономикасының дамуына тыңнан түрен салып келе жатырған теміржол саласының да үлесі жоқ емес. Теміржол-экономиканың күретамыры, онсыз жүк тасымалданбайды, жеткізілмейді. Солардың бірі Мақаттағы жөндеу депосы бірнеше жылдық еңбек тәжірибесінде құрылымдық өзгерістерге ұшырап, бүгінде «Қамқор-Локомотив» ЖШС-гі боп теміржол транспорттарын жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда Мақат сервис орталығы Астана қаласындағы «Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің Ақтөбе локомотив жөндеу депосына қарасты мекеме.

Жалпы 6 айда сервистік қызмет көрсету бойынша 285 млн. 138 мың теңге пайда түсірсе, оның ішінде тепловоздарды жөндеуден 277 млн. 668 мың теңге пайда түсірген. Бұл әрине, сервис орталығындағы қарапайым жұмысшы-мамандардың еңбегі. Олар адал да, тынымды еңбектерінің нәтижесінде мереке күндері құттықтау дипломдарымен марапатталып отырады.

Сервис орталығының директоры Асқар Хамзиннің басшылығымен мекеме қызметін жандандыру мемлекет бағдарламаларына сай жүзеге асырылса, бүгінді таңда сервистік қызмет көрсету бойынша 249 жұмысшы еңбек етеді.

Бүгінде Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, мықты саясаттың ұстанымдарының арқасында әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырып келеді.

Мақат локомотив жөндеу депосы қызметкерлеріне арнайы қолдау көмектер көрсетіліп, ауыр және аса ауыр жұмыстары үшін негізгі жалақылары үстемеленіп, ай сайын сүтпен қамтылған. Жұмысшылардың жыл сайынғы еңбек демалыстарында тынығуы және сауығуы үшін арнайы қосымша ақы төленіп, шипажайларға, демалыс орындарына мекеме атынан жолдамамен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, мекеме жұмысшыларының балалар жазғы демалыс кезінде лагерьлерге демалу мүмкіншілктері қарастырылған.

Тынымсыз тірлік төрінде жүрген теміржолшылар аудан шеңберінде ұйымдастырылатын спорттық шараларға қатысып, мекеме намысын қорғап келеді. Жақында «Қамқор магистраль» кәсіподағының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай, шағын футболдан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласында батыс аймағы бойынша Ақтөбе локомотив жөндеу депосы, Мақат сервис орталығы, Шалқар сервис орталығы, Шалқар вагон жөндеу депосы, Сексеул локомотив жөндеу депосы, және Қазалы вагон жөндеу депосы қатысып, ойын нәтижесінде Мақат жөндеу депосы жеңіске жетіп, Астана қаласында өткен аймақтық турнирге жолдама алды.

Аймақтық турнирдің финалында Аягөз локомотив жөндеу депосымен тең ойын көрсетіп, кейінгі пенальтида басымдықпен жеңіске жетті. Еңбек қоғамына қарышты қадам жасап келетін жөндеушілердің жетістігі мол.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521