«Жұмыскер тілі» – аймақтың айнасы болды

(0 Votes)

Қай кезеңді алып қарасақ та, Алаш ардақтылары атап өткендей, айқын төрт қағида бар. «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет – халыққа білім таратушы; төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы». Газет болмаса, біз елімізде болған, алда болатын көптеген қажетті мәліметтерді, әлемде болып жатқан жаңалықтарды білмес те едік.

20-ғасырда өлкемізде жарыққа шығып тұрған «Жұмыскер тілі» қазақ пролетариатын қалыптастырған мұнайлы Ембі өңірінің тынысына айналған. Оған 1965 жылы Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасынан 1965 жылы шыққан «Социалистическое становление нефтяной Эмбы» атты құжаттар мен материалдар жинағымен танысқан сәтте көзіміз жетті.

Мысалы, 1925 жылдың 7 мартындағы аталмыш газеттің санында Мақаттағы мұнай өндіру жайы, жергілікті әйелдер арасында саяси ағарту жұмысын жандандыру, олардың қоғамдық жұмысқа қатысы мәселе етіп көтеріледі. Партия қатарына қабылданушылар арасында әйелдердің үлес салмағын көбейте отырып, әйелдер секторына жан бітіру жайы қозғалады.

Ал, осы жылдың 1 апреліндегі санында бас мақала газеттің алғашқы шыға бастағанына екі жыл толуына арналады. Себебі 1923 жылға дейін «Ерік» атауымен Жымпитыда шығып тұрған газет 1923 жылдың 23 авгусінен бастап «Жұмыскер тіліне» өзгерген еді.

Толығырақ газетіміздің №8 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521