Қызметкер қашан да өзгелерге үлгі болуы тиіс

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл А.Айкашеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бағытында облыс бойынша мемлекеттік органдарда жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесі туралы жиналыс өткізді.

Жиынға дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілері қатысты. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы Д.Кетенбаева облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекетік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тәртіптік комиссияларының 9 айдағы жұмысына жүргізілген талдау қорытындысы туралы баяндап өтті.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде аудандық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан әкімшілік жазаға әкелетін деректер анықталды. Осы деректерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерге аудандық ішкі істер бөлімімен, Атырау облысының ішкі істер департаменті жол-патрульдік полиция басқармасымен, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен, Атырау облысы бойынша статистика басқармасымен, Атырау облысы бойынша экология департаменті және мемлекеттік мекемелермен айыппұл және ескерту түріндегі шаралары қолданылған.

Бұл аталған бұзушылықтар мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5 тармағының 12 тармақшасында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер – «жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге»- тиіс делінген. Жиын барысында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтты. Мемлекеттік қызметкерлер қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге қызмет уақытында да қызметтен тыс жол бермеулері керек.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521