Қыз баланың қоятын сұрағы көп, оған түсінікті жауап беретін маман болса игі

(0 Votes)

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Х.Санбаев атындағы орта мектеп оқушылары арасында «Қыз балалар денсаулығы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

 

Семинарға аналар кеңесінің төрайымы С.Телеубаева және мүшелері, аудандық емхананың гинеколог дәрігері Г.Ізтілеуова, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің психолог маманы К.Дюсалиева, зейнеткер Е.Хисамеденова және оқушылар қатысты. Маңызы мен мазмұны өте жоғары басқосудың күн тәртібіне қойылған жыныстық жағынан қыз-баланы тәрбиелеу мен ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде Г.Ізтілеуова өскелең жастарға жүктіліктен сақтану жолдары, жыныстық жағынан жетілмей жүкті болудың зардаптары мен түсік жасатудың денсаулыққа зиянды жөнінде және контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізді. Баяндамашы К.Дюсалиева жасөспірім шақта кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілердің мәнің түсіндіріп, одан шығудың жолдарына тоқталып өтті.

Ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша слайдтар көрсетілді. Қойылған сұрақтар көп болды. Оның әрқайсысына мамандар толық жауап берді. Семинар соңында аналар кеңесінің мүшелері және зейнеткер Е.Хисамеденова қазақ халқын көбейту немесе жоғалту, дені сау ана болу жайын «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» қағидасымен тұжырымдады.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521