Тоғысқан мерекедегі сый-тарту

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер күні мен полиция қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Елбасының саясатын жүргізудегі сала мамандарының абыройлы міндеті мен атқарған қызметтерін бағалап, еңбекке ынтасын арттыру мақсатындағы жиынға аудан активі, ардагерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімі аппаратына қарасты 13 дербес бөлім, 3 селолық округ әкімдігінде 87 мемлекеттік қызметкер билік пен халықтың арасын байланыстыруда қалтқысыз еңбек етіп келеді. Ал қоғамдық тәртіп күзетін жауапкершілігіне алған жеке құрам қызметкерлері елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін орнатуда антқа адал болуға тырысуда. Мамандардың біліктілігін арттырып, әлеуметтік қолдау шаралары да жүйелі жолға қойылған аудандағы ішкі істер бөлімі қызметкерлері үшін биыл 7 қызметтік пәтер берілген. Кадр тапшылығына қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың тіркелуі 25,7 пайызға төмендеген.

Сондай-ақ, ауыр қылмыстар саны да азайып, ашылуы 100 пайызды құрап отыр. Ішкі істер бөлімінің материалдық техникалық базасы 4 жаңа автокөлікпен толықтырылып, компьютер мен жиһаздармен қамтылуы да жеке құрамның еңбекке ынтасын арттырары сөзсіз. Қай саланың болмасын, қоғам алдындағы жауапкершілігі мен антқа адалдығын саралаған шарада ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов кәсіби мереке иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Қоғамның сенімін арқалаған жауапты қызмет салаларының тоғысқан мерекесіне жиналғандар алдында бір топ қызметкерлерге аудан басшысы Жұмабай Қарағаев өз атынан және облыстық мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы атынан марапат сыйлар табысталды. Мерекелік салтанатта аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов та әріптестеріне алғыс хаттар мен сыйлығын ұсынды.

Л.МЫҢБАЙҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521