Тепловозға Л.Шахатов аты берілді

(0 Votes)

Аудан тарихында Социалистік Еңбек Ері, Құрметті теміржолшы атына ие болып, кейінгі буынға үлгілі ісімен ізін қалдырып кеткен Ләтип Озғанбайұлы Шахатов есімі ТЭМ-2У маневорлық тепловозына берілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған шара «Мақат қоғамдық бірлестігінің» бастамасымен, аудан әкімдігінің, ауыл ақсақалдарының қолдауымен «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының шешімімен жүзеге асып отыр. Мақат теміржол вокзалы перонында салтанат құрған шара қарттар күні мерекесіне орайластырылды.

Салтанатты шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болып, атсалысқан Атырау «Жүк тасымалы» АҚ басшылығы, Мақат локомотив пайдалану депосы, Атырау жол дистансасының Социалистік Еңбек Ері, Құрметті теміржолшы Л.Шахатов атындағы №3 Мақаттағы өндірістік телім, т.б. теміржол мекемелерінің қызметкерлері мен теміржолшылар, еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары, Л.Шахатовтың отбасы, туыстары қатысты.

Ұйымдастырушылар шараның ашылу салтанатына жиналғандарды еңбек ерінің өмірбаянымен таныстырылып, тәулікпен санаспай, тынымсыз тірлікте үлгілі ісімен өнегелі із қалдырып кеткен тұлғаның есімін есте қалдыруды мақсат етті. Теміржол мекемелерінің басшылары атынан сөз алған «Жүк тасымалы» АҚ филиалы директоры И.Абаев пен аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов, ауыл ақсақалдары ақжарма тілектерін арнап, мемориальдық тақтайшаның пердесін ашты. Жиналғандар зор қошеметпен қол соғып, Л.Шахатовтың келіндері шашу шашты. Еңбек ерінің есімін ардақтап, рухын құрметтеген ұрпақтары алғысын білдірсе, аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын арнады. Шара соңында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні қатысушыларға елжандылық рух сыйлады.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521