Техника қирап, тазалық ақсап жатыр

(0 Votes)

Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасын табуда. «Ауылына қарап, азаматын таны» - деген, халық даналығы.

Олай болса, ауыл мен көшелеріміздің тазалығы, көгалдандырылуы жалпы тазалық – бүгінгі сіз бен біздің парызымыз.

Өткен аптада Мақат желілік өндірістік басқармасының гидромек арнаулы техникасының көмегімен аудан орталығындағы Мұнайшы газетінің 60 жылдығы көшесі, Е.Аманбердиев және Ж.Жұмағалиев көшелеріндегі қордаланған қоқыс орны тазаланып, 961тн. қоқыс төгілді. Оған ауданның тазалығын жауапкершілігіне алған «Тазалық-Көгал» ЖШС-нің, кент бойынша 3 техникасы мен қоқыс жинауға 7 жұмысшысы жұмылдырылды. Көше жарықтары орнатылған 638 бағаналары толықтай сырланды.

Алайда, келесі аптада «Тазалық-Көгал» ЖШС-інің ескі техникалары істен шығып, қаңтарылып тұрып алды. Келісім шарт негізінде көрсетілген қоқыс контейнерлерін сырлау, алаңшаларды тазалау, жаяу жүргінші жолдарын сыпыру жұмыстары тоқтап тұр. Жиналыс өткізіліп, хаттама толтырылғанымен, нәтиже жоқ. Яғни, ауданымызда техниканың жетіспеушілігінен күнделікті қоқыс қалдықтары салынған контейнерлеріндегі қоқыстар алынбай жатыр. Кент әкімі тұрғындармен кездесу жиындарын өткізіп, тазалыққа шақыруда. Штаб мүшелері рейдке шығып, қоқысты белгіленген нысанға жеткізбеген 5 тұрғынға ескерту берілген. Сондай-ақ, 2 тұрғынға көшеде жүрген малдарына ие болмағаны үшін хаттама толтырылды. Ал ішкі істер бөлімі қызметкерлері 3 тұрғынға хаттама толтырып, 1 тұрғынды айыппұл жазасына тартты. Тазалығымызды сақтап, ауылымызды көркейту өзімізге байланысты екенін естен шығармасақ екен. Бүгінгі күні жазғы сенбілік жұмыстарына көңіл бөліп, өз уақытысында тазалап, ретке келтіру - әрбір аудан тұрғының басты міндеті.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521