«Тажал зардабын сіңіруге 30 секунд жеткілікті»

(0 Votes)

Чернобыль апаты. Бұл тарихта сан мыңдаған адамның өмірмен қош айтысуына өз зардабын тигізген тажал орны болатын.

Бүгінгі бейбіт заманда тажал орнында болған азаматтарға құрмет көрсету, оларды тану, ерлікке пара-пар еңбегін білу- бүгінгі ұрпақтың азаматтық борышы деп білеміз. Осы ретте аудан әкімдігінде Чернобыль апатын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысушы бір топ азаматтармен кездесу кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов қатысты.

Санаулы секундта бойларына атом отынынан тараған радиоактивті элементтерді сіңіру ықтималдығы басым орындарда қызмет еткен тажал отын тұмшалауға қатысқан азаматтар естеліктерімен бөлісіп, өткен күннің зардабы мен бүгінгі күнгі тұрмыс тіршіліктері туралы әңгімеледі.

- 4 блоктағы реактор басындағы әр күнгі жұмысымыз 30 секундтан аспайды. Бірақ, сол уақыттың өзі бойымызға радиация сіңіруге жетіп жатушы еді. Бойымызда арнайы құрылғы (қарындаш) болушы еді. Сол қарындаш арқылы біздің ертеңгі күні жұмыс жасауға мүмкіндігіміз бар-жоқтығы анықталады. Кей жағдайда бойымызға радиацияны сіңірмес үшін жауырынымызға екпе де салып жүрді,-дейді Хасан Қараманов.

 

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521