Тауар ұнамаса, дереу қайтарыңыз!

(0 Votes)

Кей кезде өз құқымызды қорғай алмай жататын кездер болады. Ол неліктен? Көп жағдайда құқымызды білмей жатамыз. Әсіресе ол тауарларға қатысты.

Қарапайым нәрседен бастайық. Мысалы, өлшемі, түсі немесе фасоны бойынша сізге ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сізге сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15-күні анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен келісуге тура келеді. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды. Ал егер де сатушы 14 күнге дейінгі мерзімде оны айырбастаудан бас тартатын болса, шындық сіздің жағыңызда болады. Бұл сіз тауарды пайдаланып, оны қайтаруға тырысып бағатын болсаңыз, әңгіме бөлек.

Сатушы тарапынан мерзім бойынша сұрақ туындаған жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабында реттелетіндігін хабарлай аласыз. Ақпарат және кеңес алу, жазбаша түрде наразылық жазу, ия сот органдарына өтініш жолдауға көмек көрсетеміз.

Ол үшін осы мекенжайға хабарласуға болады: Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 156-а үй, «Қауырт желі»телефоны: .87122-213101.

 

Толығырақ газетіміздің №17 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521