Тұрмыс сапасын тұрақты жұмыс айқындайды

(0 Votes)

Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінде Бәйгетөбе округінің әкімі Д.Тастаев пен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Жоламанов ауыл тұрғындарымен мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.

–Елбасы өзінің биылғы Жолдауында еліміздің даму жолындағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. Маңызды құжаттағы көзделген міндеттерді уақытында сапалы түрде жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз. Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен Қазақстанның көшбасшысы мем­лекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз, – деді Бәйгетөбе округінің әкімі Д.Тастаев пен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Жоламанов.

Шарада Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінің басшысы Б.Тиышбаева, Бәйгетөбе қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғ.Орынбаев, Жолдауда туындаған міндеттері туралы өз ойларын ортаға салып, оны жүзеге асыруға бір кісідей атсалысатындықтарын айтты.

Ал, жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Есенаманова келер жылы «Жастар жылы» болып жарияланатынын баса айтып, бұл жаңалықты аудан жастары да зор қуанышпен қабылдап, келер жылға үлкен үміт артып отырғандығын атады.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521