Тұрғындар тегін такси қызметін пайдаланды

(0 Votes)

28 ақпан күні аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "1 наурыз-Алғыс айту" күніне орай "Тегін такси" акциясы ұйымдастырылды. Көлікпен тасымалдау акциясын өткізу мақсаты - кент тұрғындарын барар жеріне дейін тегін жеткізу.

Акция барысында өз еркімен 8 автокөлік иесі шығып, газшылар ықшам ауданында аптаның бейсенбісі сайын өтетін дәстүрлі жәрмеңкеден тұтынушыларды үйіне жеткізді.

Тегін такси иелері егде жастағы балалар мен баламен жүрген тұрғындарға баса назар аударды.

Такси қызметін пайдаланған кент тұрғындары көрсеткен қызметтеріне жылы лебізін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521