Тұмауға қарсы 5 қадам

(0 Votes)

Жылдың әр кезінде тұмаудың алдын алу шаралары жүйелі қадағалауда болады.

Себебі, тұмау суық тиюден емес, жұқпалы дерт болғандықтан сақтық шараларын ұйымдастыру денсаулық күзетіндегі мамандарға міндет деп санаймыз.

Ал тұмаудың салдарынан түрлі созылмалы сырқаттардың меңдеп кету қаупі барын мамандар тәжірибе жүзінде дәлелденгені туралы ескертпелермен тұрғындар жадына беруде.

Ағзаға жұқпалы агенттің азғантай бөлігін енгізу арқылы жүзеге асатын белсенді егу иммунизациясы болып табылатыны айтылды. Екпедегі вирус ағзада олардың көбеюі мен қалған жасушаларға жұғуына қарсы антиденелерді қалыптастыруына септігін тигізеді. Сондықтан да аурудың алдын алу маңызды.

Тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өршитіндіктен екпені күзде еккен дұрыс. Антиденелердің белсенділігі бірнеше ай бойы сақталып, алты айдан соң әлсірей бастайды. Сондықтан алдын ала егу жасаудың да қажеттілігі шамалы. Алдын алу шарасының ең тиімді және кең таралған түрі – мақталы дәке бетпердесін тағу.

Тұмауға қарсы 5 қадам туралы түсінік барлық адамдарда қалыптасу керек. Бірінші қадам - жеке бас тазалығын сақтау, киімнің, төсек орын тазалығын қадағалау қажет. Сондықтан, бөлмені үнемі желдетіп, тазалау керектігі айтылды. Екінші қадам - салауатты өмір салты. Үнемі қозғалыста болып, зиянды әдеттерден бас тартып, демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс жоспарлау қажет. Үшінші қадам - иммунитетті жоғарылату. Спортпен, дене шынықтырумен жиі айналысу, күнделікті рационға витаминдерге, минералды заттарға, амин қышқылдарға бай тағамдар енуі қажет. Төртінші қадам - алдын алу шараларын жүргізу. Эпидемия қаупі туған кезде арнайы дәрілік заттармен алдын алып немесе вакцина жасау керек. Ал бесінші қадам – абайлаңыздар, тұмау! Өзіңізді нашар сезінсеңіз, дәрігерге қаралыңыз, басқа адамдармен қатынасқа түспеу керектігі түсіндірілді.

А.АЙТМАҒАМБЕТОВА,

дәрігер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521