Шаруаларын ыңғайлап алды

(0 Votes)

Мемлекеттік қызет көрсету сапасын арттыру мақсатында Доссор кенті әкімі аппараты ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтті.

Оған жергілікті атқарушы орган, халыққа қызмет көрсету орталығы басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу, ветеринария, сәулет және қала құрылысы және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін білікті мамандар қатыстырылып, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 565 жадынама таратылды. Жұмыспен қамту саласында 33 азаматқа, сәулет және қала құрылысына 20, ветеринария саласы бойынша 9 азаматқа, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерімен азаматтарға «Электрондық үкімет», «Электрондық цифрлы қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер мен ақпараттар берілді. Сөйтіп, келушілер шаруаларын ыңғайлап алды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі әр тоқсан сайын өткізіліп тұратын болады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521