Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9 пайызға артқан

(0 Votes)

Атырауда белсенді бизнес-нысандар көбейіп келеді

Атырауда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9 пайызға артқан. Қазіргі таңда өңірдегі бизнес нысандар 46 756 бірлікке жетіпті.

«Олардан өндірілген өнім көлемі былтырғы қазан айына дейін 1 666,5 млрд. теңгені құрады. Бұл салада 132 мыңға жуық адам жұмыс істейді» деп мәлімдеді облыс әкімі есептік кездесуде.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,6 млрд. теңге қаражат бөлініп, 288 жоба қолдау тапқан.

«Ал ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жергілікті бюджеттен шағын несиелеуге 1 657 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат 338 бизнес жобаны құруға және 623 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді» деді өңір басшысы.

Соның ішінде 500 млн. теңгеге 96 жоба мақұлданған. Бұл ретте, ауылдағы агрофермерлер тарапынан 64 жұмыс орны құрылатыны жоспарланып отыр.

Айқара Ғұмар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521