Үш минут ішінде Дінмұхамбет қойды қанжығалап кетті

(7 Votes)

Отыз күн ораза аяқталып, Ораза айт та жетті. Айтулы мерекені Доссор орталық мешіті ерекше атап өтті.

Таңғы сағат 7.00-де айт намазына жиналған халық мешіт ішін лық толтырды. Басым бөлігі - жастар. Ниет етіп келген жамағатты бас имам Елдос Мүсілімұлы айт мейрамымен құттықтады. Алла үйіне жиналғандар Жаратушыға Ораза айтқа амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, бір-біріне жылы лебіздерін арнады.

i

i

i

Айт намазы оқылғаннан кейін, мерекелік шаралар басталып кетті. Доссор дене шынықтыру сауықтыру кешенінде спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар дәріптеліп, жекелей сында қазақ күресі, қой көтеру, гір тасын көтеру және командалық есепте арқан тартысу сайысы өткізілді. Спорттық шаралар бұқараның көңіл күйін көтерді. Қазақ күресі бойынша Тынышқалиев Әділет ІІІ орын, Ибрагимов Дастан ІІ орын, Шаменов Дінмұхамбет І орынға ие болды. Гір тасын көтеруден қарсыласқа шақ келтірмеген Қабдулла Мейірбек жеңімпаз атанды. Үш минутта 87 рет қой көтеріп, қарсыластарынан озып шыққан Дінмұхамбет Шаменов өзі көтерген қойды жеңіп алды. Арқан тартысуда «Мешіт жастары» үздік атанды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сайыс соңында мешітте жамағатқа арналып, ақ дастарқан жайылды. Әрбір мұсылманның жүрегін шаттыққа толтырып, үлкенді де, кішіні де мәз мейрам еткен Ораза айт мерекесі осылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бірлік пен татулық аясында асқақтап өтті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521