Саябақ жаңа туындылармен толықты

(0 Votes)

Бұдан бұрын да хабардар еткеніміздей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген Мақат ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған  мүсіншілердің алғашқы  симпозиумы аяқталып, нәтижесінде қазақы нақыштағы 10 экспозициялық жұмыс аудан орталығынан орын алды.

Олар «Туған жер» саябағындағы аудан тарихынан дерек ұсыналар тақталар мен 3D форматындағы ұлттық нақыштағы суреттерді толықтырды.

sandyq

qumyra

Бір ай бойы орталық алаңда Маңғыстау өңірінің ақ тасынан қашалып, шеберлер қолынан шыққан туындылардың өзіндік бейнесінен өзге мағыналық құрылымы, шебер қолымен ұсынылуы ерекше бір әлем.

Сандық үстіндегі ер-тұрман, балбалтас, бекіре, тасқа қашалған аңның бейнесі, домбыра композициясы, өгіз мүйізі бейнесі, құмыра, түйе бейнесі секілді туындылар ауданның ажарын келтіріп тұр.

bekire

sazsyrnai

ogiz

tuganauyl

Мүсіншілер бұған дейін халықаралық EXPO-2017 көрмесінде қазақи этно ауылды көркемдеген жас шеберлер болатын. Сондай-ақ, еліміздің әр түкпірінде өзіндік архитектуралық қолтаңбаларын қалдырып үлгерген болатын.

А.Таумұрынова

сурет: автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521