Сапқа тұр, сарбаз!

(0 Votes)

Қыркүйек айының 4-ші жұлдызынан бастап «Күз-2018» шақыру науқаны басталды.

Биылғы жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына 1992-2000 жылдары аралығында туылған ер азаматтар шақырылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жас толыммен жасақтау мақсатында аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмыс жасауға кірісті. Олар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2018 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2018 жылдың 28 ақпандағы ҚР Президентінің №644 Жарлығына сәйкес әрекет етеді. Осыған байланысты 18-27 жас аралығындағы азаматтарды әскер қатарына шақырамыз. Шақырылушыларды әскери бөлімдерге іріктеу және тарату кезінде олардың бұған дейінгі алған мамандықтары ескерілетін болады.

Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері, сондай-ақ әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде: әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге; әскер жасына дейінгілерге тіркеу жүргізген және азаматтарды әскери қызметке әскерге шақырған кезде жергілікті жерлерден аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әскери басқару органдарына азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

2017 жылғы 13 маусымдағы №69-VI, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңында:

- Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес заң талаптарын орындамаған жағдайда жауапкершіліктер көзделген. 644- бап. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмау. Азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери – есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты тұлғасының жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмауы, сол сияқты азаматтарға жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі он айлық есептік көрсеткіш 24050 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

646-бап. Әскери міндеттілер, әскерге шақырушылар мен азаматтар туралы мәліметтерді хабарламау. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұруға міндетті, бірақ тұрмаған, жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы- он айлық есептік көрсеткіш 24050 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

647- бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттілерді орындамауы. Әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзімді дәлелді себепсіз келмеуі не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша ( үш айдан астам мерзімге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзімге) келіп, келген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі бес айлық есептік көрсеткіш 12025 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Мекен – жайымыз: Мақат кенті 42 бөлімше 7/1 Байланыс телефондары- (871239) 3-16-19, 3-00-25, 3-01-88. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.

Е.ӘМІРОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521