Сақтық шаралары аудан әкімінің жіті бақылауында

(0 Votes)

Аудан әкімі Ш.Кейкин бірнеше бөлім басшыларымен коронавирусқа қарсы алдын ала сақтық шараларының қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатқанын тексеру үшін халық көп шоғырланатын бір қатар сауда орындарын, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Мақат кенті вокзалын аралап шықты.

Санитарлық норманың сақталуы - әсіресе халықпен тығыз байланыста отырған саудагерлер үшін басты міндет.

ad7f3a59-2830-455a-9316-996a0f0eefc1

Аталған нысандардың қай-қайсысы да алдын ала таратылған брошюралар мен керекті кеңестерді қабырғаларына іліп, көз салған тұрғынды аты жаман аурудан құлағдар етіп тұр. 

50a8d60a-af2d-4edc-8527-eb4eea4c8c40

Қарапайым қағидалардан бастап, керекті құрал-жабдықтарға дейін қатаң қадағалаған аудан әкімі қай кезде болмасын, қауіпсіздікке  салғырттық танытуға болмайтынын тағы бір пысықтап өтті.

5c9277db-eecd-432f-a48b-3cbe37616dbc

Сондай-ақ, әр кәсіпкердің жанында санитарлық нормаға сай әрекетті қалай істеу керектігі қағазға жазылып тұрғанының артық еместігін айтып, тиісті бөлімге вокзал ішіне арнайы роликтер көрсетілетін  теледидар орнату тапсырылды. 

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521