Сәбидің алғашқы көргені – анасы мен домбыра болды

(0 Votes)

Ырымшыл халқымыздың дүниеге келген жас сәбидің өмірін киелі дүниемен байланыстыруды қалап тұратынын ескерген жергілікті атқарушы билік өкілдері перзентханаға барып, жас сәбиге домбыра сыйлады.

Жас ананы құттықтап барған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Хамидуллина, аналар кеңесінің төрайымы С.Телеубаева, Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық ұйымның атынан А.Боханова сәбидің бауы берік болсын деген тілектерін қосты. Мұндағы мақсат ұлттық домбыра күніне орайласа өмір есігін ашқан сәбидің бойына ұлттық рухымызды сіңіріп, қазақтың киелі аспабына деген құрметпен, құндылығын дәріптеу. Ұлтымыздың рухани әлемін жаңғыртып, ата дәстүрімізден жалғасып келетін қос ішекті домбыраның үні ұмытылмақ емес. Көңіл күйді әуенмен жеткізудегі ерекше әсерді кейінгі ұрпақ жадында қалдыру – бабалар аманаты. Домбыраны дәріптеу мақсатындағы шаралар аудандағы мекеме ұжымдарда жалғасын тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521