Ұрпақ тәрбиесі – ұлт келешегі

(0 Votes)

Өткен аптада аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Комиссияға аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева төрағалық етіп, комиссия мүшелері қатысты.

Отырыста аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов «Ерте жастан жүктіліктің алдын алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмыстар» туралы баяндап өтті.

Сондай-ақ, аудандық спорт, дене шынықтыру, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Сарбасов «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салты ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы» және «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың бос уақытын тиімді қамту, өнерге баулу бағытында атқарылған жұмыстар туралы» баяндамасы тыңдалды.

Аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының  инспекторы полиция аға лейтенанты К.Серикбаеваның оқушының сабақтан себепсіз қалуы бойынша ұсыныс қаралды.

Сабақтан белгісіз себептермен қалған оқушының ата-анасына баласының тәрбиесі мен сабаққа қатысуын бақылауға алу жөнінде ескертілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қызығушылығын ояту, спортқа бейімдеу мақсатында балалар жасөспірімдер даярлық клубындағы үйірмелермен қамту жөнінде тапсырма берілді.

Және де ерте жастан жүктіліктің алдын алу және қыздар тәрбиесі бойынша жұмыстар алға қарай да жүйелі түрде жүргізіліп, аналар қоғамымен осы бағытта шаралар өткізу тапсырылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешім шығарылды.

Толығырақ газетіміздің № 9 санынан оқи аласыз!

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521