"Қалың сор қоршап жатқан айналасы, Қошқар да қарт Ембінің бір баласы"...

(0 Votes)

Қазақстан мұнайының 120 жылдығымен тұспас-тұс келіп жатқан мерейтойдың бірі - ел тарихының қиын қыстау кезеңінде ашылып, жеңіс күнін жақындатуға елеулі үлес қосқан Қошқар кен орнының 75 жылдығы.

Осы орайда Қошқар ауылының тұрғындары, бұл күндері әр қайсысы әр тарапта жүрсе де, осы атаулы мерекені бастарын бір арнада тоғыстырып "ескі жұртта" атап өтуді жөн санапты.

Мерекелік күн көп жылдан бері көріспеген байырғы тұрғындардың жылы жүздесулерімен басталды.Сан жылдан бері сағынысып қалған бұрынғы ауылдастар "Мен баяғы бәленшенің баласымын ғой, мен түгеншенің кенжесімін ғой" деп емен-жарқын қауышып, кеуде қағысып жатты. Аталған көріністің өзі - мұндай шараның өткеніңді саралап қана қоймай, алыстаған ағайынның арасын жақындататын бір дәнекер ретінде жиі ұйымдастыруды қажет ететін шара екенін меңзеп тұрғандай. Бұл ретте осы іске мұрындық болған - бір топ Қошқардың белсенді азаматтары екенін айтып өткеніміз жөн.

"Қалың сор қоршап жатқан айналасы,

Қошқар да қарт Ембінің бір баласы", деп мерекелік шара өңір туралы өрбіген өлең шумақтарымен басталды.

Ардагер мұнайшы Көпкенов Төлебай Қошқар кен орнының тарихынан әңгімеледі.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев соғыс жылдары ашылған кен орнының ардагер мұнайшыларын құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

maqtau

"Доссормұнайгаз" мұнай, газ өндіру басқармасының басшысы Серік Әбдиев Қошқар мұнайының бүгініне тоқталып, бір топ мұнайшыларға мерекелік медальдар табыстады.

medal

medal-1

medal-2

Шара соңында ауылдың байырғы тұрғыны Б.Берекетұлы сөз алып, алыс- жақыннан ат арытып келген ауылдастарына алғысын білдірді.

arqantartu

qoikoteru

Арнайы құрылған үш бірдей киіз үйдің алдында қой көтеру, арқан тартыс секілді спорттық шаралар ұйымдастырылып, ақ дастархан басында ақ сақалдар мен ақ жаулықтылар елдің ертеңіне ақ баталарын жаудырды.

 

А.Садыков,

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521