Партия жобасы жалғасуда

(0 Votes)

Мүмкіндігі шектеулі жандарға бөгетсіз болашақ қалыптастыру - күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Ауданда қамкөңіл адамдарға қамқорлық таныту бағытында «Кедергісіз келешек» жобасы сәуір айы бойына жүретін болады.

Бүгінде партия қызметін жаңғырту аясында еліміздегі жетекші саяси күш «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын қайта жандандырып, осы салада белсенді әрекет етуде. Жобаның басты мақсаты – еліміздегі барлық мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай, ауданымызда ерекше талаптарды қажет ететін жандарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары тұрақ¬ты әрі қарқынды жүргізіліп келеді. Десек те, аталған салада әлі де болса олқы тұстар жоқ емес. Әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосылу мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандарға жасап отырған жағдайын, яғни тиісті жоғары стандарттар мен инфрақұрылымдарды да қарастырады. Егер ондай азаматтардың қоғамға бейімделуіне, сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылуына тиісті жағдай жасал¬маған болса, ол елді дамыған деп айту қиын. Себебі, дәл осындай көрсеткіштер елдің даму деңгейін анықтауда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ ол бұл мәселеде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде заңды тұрғыда қорғалып, қамтамасыз етілуіне басымдық беріледі. Одан бөлек Елбасының тапсырмасы бойынша бұл салада соңғы жылдары елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Арнайы бағдарлама қолға алынды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғайтын заңдар қабылданды. Алайда бұл тек мемлекеттің ғана міндеті емес, оған бүкіл қоғамның атсалысуы тиіс.

Партия қызметін жаңғырту аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын одан ары жандандырып, тиімділігін арттыруды қолға алынған. Сол арқылы ерекше қажеттілікті талап ететін азаматтарға нақты көмек көрсетуге басымдық беріліп отыр. Жалпы, «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрақты жұмыспен қамтылуына, барлық әлеуметтік нысанда кедергісіз орта қалыптастыруға және инклюзивті білім беру ісін дамытуға қолдау көрсету жұмыстарын одан ары жалғастыра береді.

А. ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521