Парижді бағындырған Әлима

(0 Votes)

Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің шәкірті Франция елінің астанасы Париж қаласында өткен «Art-Bayterek Paris» халықаралық байқауынан жүлделі оралды.

Нақтырақ айтсақ, Р.Ғабдиев атындағы сурет мамандығының оқушысы Әлима Маратова күзде V Республикалық «Ақжелкен» конкурсында бас жүлдені жеңіп алып, Парижде өтетін Халықаралық байқауға жолдама алған болатын. "Атадан Мұра" қорының ұйымдастыруымен сайыс Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Қытай, Корея елдерінің қатысуымен 28 наурыз және 1 сәуір аралығында өтті. Аталмыш сайыста Әлима "Сурет салу және қолөнер" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.

Жас та болса, өнерге құштар, талант иесі байқау барысында көпшілікті өз туындыларымен таңғалдырды. Ол өзінің ерекше талантымен бұған дейін де бірнеше жүлделі орындарға ие болған. Олн енді халықаралық деңгейдегі сайыста жүлде алып, аудан мақтанышына айналып отыр. Жетекшісі Шынар Абзалқызы да ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа бөленіп, «Алғыс хатқа» ие болды.

Жүлдегерді ағайын-туыстары, ұстаздары және достары арнайы күтіп алып, салтанатты түрде құттықтады.

Сондай-ақ, аталмыш байқау арқылы Әлима Маратова қазан айында Санкт-Петербург қаласында өтетін байқауға жолдама алды. Әлиманың Ресей жерінде де осы жетістігін қайталайтынына сеніміміз мол!

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521