Отбасына – нақты көмек

(0 Votes)

Астанада бас партияның кезекті съезіндегі жағымды жаңалықтардың бірі – ол көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын арттыру жөнінде болды.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қашан да көмек артық етпейді. Съезде келтірілген статистикалық мәлімет бойынша 340 мың отбасында төрт баладан бар екен. Бұл – біздің «қаракөз» қандастарымыз. Өзге елдегі қандастарымызды шақырып, олардың елімізді тұрақтап қалуына да біраз қызметтер жасалды. Дегенмен, өз Отанында бұрыннан тұрып жатқан тұрғылықты халық үшін Үкімет тарапынан қолдаудың болғандығы орынды.

Қазіргі кезде атаулы көмекті 111 мың көпбалалы отбасы алады екен. Осы отбасылар кіріс мөлшеріне қарай есептеуден өтіп, екшеленген соң Үкімет тарапынан қолдау таппақшы.

Елбасының осы мәселеге қолдау көрсеткенін барша азаматтар ризашылықпен қарсы алуда. Қашан да, жетімі мен жесірін жылатпаған халықпыз. Осыны нақты іспен қолдап жатқан партияның басшысына, Елбасымызға ризамыз.

Гүлнар САТАЕВА,

аудандық №7 психологиялық -педагогикалық түзеу кабинетінің әдіскер-дефектологі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521