Отанды қорғау – парызың!

(0 Votes)

Бүгінгі таңда Атыраудан – Алтайға дейінгі ұлан байтақ қасиетті жеріміздің түкпір түкпірінде бейбітшілік пен тыныштықты қорғау – әрбір азаматтың міндеті.

Рухани жаңғырған елдің болашақ сарбаздары ел іргесінің тыныштығын кірпік қақпай күзетуді азаматтық парызым деп cанайды. Патриоттық сезім, ұлттық құндылықты дәріптеу – бұл азамат бойындағы ең асыл қасиеттердің шоқтығы болып саналады. Сондықтан, кәмелет жасқа толған әрбір азамат өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына аттанады. Осы мақсатта Доссор мәдениет үйінде көктемгі маусымдағы мерзімді әскер қатарына шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Шараға әскерге аттанып бара жатқан бозбалалардың ата-аналары мен дос-жарандары, ардагерлер, мекеме-бөлім басшылары, әскери бөлім қызметкерлері, жастар және ақжолтай тілектерімен бейбіт елдің кішкентай бүлдіршіндері қатысты. ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы «Ұлттық Ұлан» әскери бөлімінде Доссор кентінен 3 сарбаз және Мақат кентінен 2 сарбаз борыштарын өтемек.

Жиын барысында кент әкімі Ербол Ермағамбетов насихат сөздерін білдірді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ертуған Әміров жас сарбаздарға өзінің ыстық ықыласын танытып, «Аманат хат» табыстады. Ардагерлер жастарға ақ жол тілеп, өсиетін өнеге етті. Салтанатты шара соңын Доссор мәдениет ұжымы патриоттық әндермен әрлеп, қорытындыланды.

Жұмабайұлы Аманжан, әскер қатарына шақыртылушы: - Бүгін «Отан қорғаушы» деген үлкен мәртебеге ие болып жатырмыз. Бүгінде еліміздің әскерлері заманға сай өркендеп, дамып келеді. Сондықтан да, бір жыл зымырап өтіп кетеді деп ойлаймын. Әскери борышымды «Ұлттық Ұланда» өтеуге бара жатқанымды мақтан тұтамын. Киелі ауылымызға, ата-анамыздың атына кір келтірмей, еліміздің тыныштығын қорғаймыз деп сенеміз. Қазақстанның әрбір азаматы өз борышын өтеуге тиісті.

М.СЕРІКҚЫЗЫ.

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521