Отан алдындағы парыз іспен ақталады

(0 Votes)

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау - қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 37, 38 баптарына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре алады.

1. Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлермен әскери құралымдардың уәкілетті лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

2. Келісімшарт ерікті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

1) мерзімнің өтуі бойынша;

2) әскери қызметшінің мерзімінен бұрын босатылуына байланысты;

3) әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру туралы басқа келісімшарт жасасқан күнінен бастап;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.

3. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартта азаматтың әскери қызметке кіруінің еріктілігі, азаматтың әскери қызметті өткеруге міндеттенген мерзімі және келісімшарттың басқа да талаптары бекітіледі.

38 бап. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар.

1. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

2) Қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуға;

3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:

2. Келісімшарт бойынша әскери қызметке:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;

3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;

4) әскери қызметшінің әскери қызметке болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

5) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Рес-публикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

7) әскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыстық жасаған;

9) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;

10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық терісқылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36 бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

11) мемлекеттік немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс уәждер бойынша шығарылған;

12) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

13) уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;

14) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;

15) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36 бабы негізде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.

Әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде азамат және оның зайыбы (жұбайы) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. 40 –бап.

Келісімшарт мерзімі және оны жасасу тәртібі

1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:

1) үш жылға – келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;

2) бес жылға;

3) он жылға;

4) әскери кызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;

5) курсанттар, кадеттер және әскери интерндер үшін-әскери оқу орнындағы оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін–оны бітіргеннен кейін әскери қызметтің он бес жылына);

6)тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін-оқу мерзіміне және әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметтің бес жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады. 2.Кандидаттарды іріктеу және олардың келісім шарт бойынша әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.

8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

44-бап.Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру

1.Әскери жиындар кезеңіндегі әскери міндеттілерді қоспағанда,әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, әскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды. Лауазымдық айлықақыны есептеу ушін қызмет өтіліне: 1)еңбек сіңірген жылдары;

2)мемлекеттік қызметте болу уақыты;

3)әскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сәйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен әскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерінен және тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.

5.Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілердің қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер не медициналық көрсеткіштер бойынша арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмек ведомстволық тиесілігіне қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде көрсетіледі.

Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарына сәйкес көрсетілген медициналық қызметтерді қоспағанда,емделуге жұмсалған қаражатты әскери қызметшілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде құрылымында олар әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган өтейді.

Әскери қызмет міндеттерін орандау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, олар құрылымында әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийге жіберіледі.

Курсанттарды, кадеттерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орынына (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, әскери қызметшіні өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым және әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшеріне көтерме жәрдемақы төленеді.

45-бап.Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету

1.Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олармен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелері–жұбайы (зайыбы); ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырып алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары мемлекет есебінен әскери қызмет өткеру кезеңіне тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі.

2.Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

46-бап.Әскери қызметшілердің демалыстары

1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге екі лауазымдық айлық ақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:

1) кемінде он жыл-30 тәулік;

2)он жылдан он бес жылға дейін -35 тәулік;

3)он бес жылдан жиырма жылға дейін-40 тәулік;

4)жиырма және одан көп жыл -45 тәулік.

47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісім шарт бойынша әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері.

Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери кызметшілер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы. Осы құқықты әскери қызметшілер бір рет пайдалана алады.

Әскери қызметшіге көрсетілген шығындарды өтеуді құрылымында әскери қызметші әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган жүргізеді.

Әскери қызметшіні басқа білім беру ұйымына ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтеу мөлшері түзетілуге жатады.

Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген кезде оның Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтету құқығы сақталады.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатың шығындарды өтетуге құқылы әскери қызметшіге, ол оқыған (оқитын) білім беруі ұйымы лицензиясының айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге кепілдік беріледі.

50-бап.Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру.

1.Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштер бар болған кезде әскери-медициналық мекемелерге (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан да көп еңбек сіңірген жылдары балаларға – санаторлық-курорттық емделу беріледі.

Е.АМИРОВ,

Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,

майор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521