Қос құрбының тіл үйірер тәттілері

(0 Votes)

Қазіргі кезде ауылда еңбек етіп, үй тұрмысы мен кәсіпкерлікті қатар ұстап, ауыртпалығын ерлермен тең арқалап жүрген әйелдер аз емес. Солардың бірі - Шихиева Айсұлу мен Әмірханова Жанат.

Қос құрбының кәсіп ашу туралы ойы қаражат тапшылығынан сәті келіңкіремей жүрген болатын.

Жылдар бойы ойын жүзеге асыра алмай жүрген жандардың арманы биыл орындалды. Олар бұрыннан да тіл үйірер тәтілерімен өзге замандастарының аузында жүретін. Енді олар қарап жүрмей, істерін дөңгелетіп әкетті. Ғимаратты жалға алып, нан өнімдерінің түр-түрін дайындайтын болды.

Олар цехтарына "Лакомка" атауын таңып, жерлестері алдында танымалдыққа ие бола бастады.

Мұнтаздай таза, жарық әрі жылы ғимаратта жұмыс жасаудың өзі оңды. Сөрелерге жайғасқан тәттілер көздің жауын алады. Кондитерлік цех ашылған аз уақыттың ішінде өзінің тұрақты тұтынушыларын да тапқан. «Лакомка» өндіретін түрлі-түсті тәттілер, дәмді тоқаштар, тіл үйірер торттар, бөлке нандар, бәліш, самса, жұмсақ құймақтар, күнделікті ас атасы - нан өнімдерінің сапасы тұтынушылардың тарапынан жоғары бағалануда. Оның үстіне ауыл тұрғындарына да тиімді бағамен ұсынылуда. Күніге осындай кондитер өнімдерін шығаратын цех қызметінің жұмысы алдағы уақытта кеңейтіліп, иісі жұпар аңқыған тәттілерімен дәм татып, шәй ұсынатын лайық орын қарастыру жоспарларында бар.

Қолдан келер істі бастауға тәуекел етіп, бар күш-жігеріңді жұмылдыра білсең, бүгінгі қоғамда өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік мол деуге болады. Ал, қос құрбының ауылда атқарып отырған қоңыр тірлігі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болары анық.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521