«Оралман» мәртебесі ұзартылды

(0 Votes)

Орталық және жергілікті атқарушы органдар мерзімі өткен оралман мәртебесі бар этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын ұсыну бойынша толық шаралар кешені іске асырылуда.

Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті атқарушы органдарға этникалық қазақтарға «оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан, 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін этникалық қазақтарға «оралман» мәртебесі парағын ұзарту туралы жұмыстары жүргізіліп отыр.

Осы негізде 2-4 шілде аралығында «Оралман» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты: аумақта тұратын барлық этникалық қазақтардың аулаларын аралап, «оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан, 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту мүмкіншілігі бар екені және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

К.Садыков,

АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521