«Менде Қазақстаннан басқа Отан жоқ»

(0 Votes)

Мен бейбіт елде тұратынымды әрқашан мақтан етемін. Түрімнен өзге ұлт екенім байқалғаныммен менің жүрегім де, тілегім де осы елдің үстінде.

Менің әкем Анатолий Скоп украиндық болатын. Ал, анам орыс ұлтынан. Доссор жерінде тұрып жатқанымызға да біраз болды. Әкем осындағы ДСУ-74 мекемесінде автогрейдерші болса, анам ауруханада шаруашылық жөнінен жауап беретін маман қатарында абыройлы қызмет етті. Біздер отбасымызда 12 бала болатынбыз.тағдырдың түрлі жазуымен екі бауырымыздан айырылдық та, өзгелеріміз бұйырған дәмімізді татып, осы Қазақстан жерінде өмір сүріп жатырмыз. Мен жолдасым Сергей Рябовпен көңілім, дәм-тұзым жарасып, отау құрғанымызда да, осы елден кетпеуге бел буған едік. Өйткені біз көз ашқаннан көргеніміз осы ел ғой. Менде басқа ел де, Отан да жоқ. Бір ғана Қазақстан. Мен -доссорлықпын. Ел басына күн туып, азаматтарға әскери қызмет атқару міндеті туған кезде жолдасым Сергей Ауғанстанға соғысқа аттанды.

Сол жерде әскери борышын өтеді. Сергей екумізден үш бала өрбіді. Олардың қызығын өзім ғана көруге жазыпты. Ол да тағдыр болар. Шүкір, қызым қазақ жігітіне шықты. Шеркешке келін болды. Қазақстан жеріндегі барлық мереке біз үшін тосын жайт емес. Олардың бәрі де осында мекендеген барша халықтың ортақ мерекесі. Біздер наурызды да, көрісуді де асыға күтіп жүреміз. Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында Қазақстанның барлық тұрғыны бірдей құқылы. 1 наурыз бен 1 мамыр -осы бейбіт те ынтымақшыл елдің жаршысындай жарқын тойланып келеді. Мереке қарсаңындағы тілегім сол -ынтымағымыз артып, ырысымыз молая берсін!

Татьяна РЯБОВА,

Доссор кенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521