Мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды буыны ширек ғасырын атап өтті

(0 Votes)

Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуының басты шарттарының бірі – оның басқару органдарының құрылымын жетілдіру болып табылатыны белгілі. Сондықтан да 1993 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Жарлығы шығып, соған орай Республиканың барлық көлемінде мәслихаттар институты құрыла бастады.

Биыл Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толды. Осы мерзім аралығында халық қалаулылары ел үшін маңызды біраз істің басын қайырды. Тарихи датаға орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын өтіп, табысты еңбек еткен халық қалаулыларына құрмет көрсетілді.

img_2445

Салтанатты жиында алдымен мемлекеттік Әнұранға құрмет көрсетілді. Кейін, аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов баяндама жасап, мәслихаттың ықпалымен әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып келетінін жеткізді.

img_2480

Салтанатты шарада аудан басшысы Шәкір Кейкінұлы көпшілікті айтулы мерейтоймен құттықтап, аудандық мәслихаттың коғамдағы рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, әлеуметтің әлеуетін артыруға еңбек сіңірген депутаттар мен ардагерлерге марапат табыс етті.

img_2483

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І шақырылымның мәслихат хатшысы (1994-1999) Орақ Деңгелбаев, ІІ шақырылымның мәслихат хатшысының қызметін атқарған (1999-2003) Түркбенбай Нұржітіов, ІІІ-ІV-V шақырылым хатшысы (2003-2016) Табылды Жолмағамбетов,  ІІ-ІІІ-ІV шақырылым депутаты Адайхан Елубаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов, Доссор кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенжан Төлешқалиев және аудандық мәслихат аппаратының ардагер зейнеткерлері Амангелді Амиров, Рысжан Қазанбаева, Әслима Сәрсенбаева, Күлжанат Оспанова, Орынша Сариева "Мәслихатқа -25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

img_2528

Сонымен қатар, Табылды Демешұлы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хатына бөленді. Уақыт пен заман талабына сай қызмет атқарып жүрген аудандық мәслихаттың VІ шақырылым депутаттары Қуаныш Исмагулов, Гүлзада Саликова, Төлеу Дәулетов, Абзал-Сенбі Самаликов, Батырбек Оңдасынов, Әсима Меңдалиева, Бақытгүл Тиышбаева, Ахмет Ищанов, Аманияз Қабдолов, Жаңабай Тәжібаев, Әділбек Идиятов және аппарат қызметкерлері Назгүл Алмаханова, Айболсын Куразовқа "Мәслихатқа -25 жыл" мерекелік медалі табыс етілді.

img_2485

img_2489

img_2487

Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай аудан әкімі Шәкір Кейкин облыстық мәслихаттың депутаттары Серік Нағимұлы және Ерсайын Уалитханұлына алғыс хат берді.

Жиын барысында мерейі үстем болғандардың қатарында аудан әкімі Шәкір Кейкин, аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов, аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Ерғалиев және Тілек Нұрпейісов, аудан әкімі аппаратының басшысы Оксана Айкашева, аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағамбетов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Естай Мақсотов та болды. Олардың төсіне "Атырау облысы мәслихаттарына -25 жыл" мерекелік медалі тағылды.

img_2515

Аманияз Қабдолов Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның "Құрмет грамотасына" және Ахмет Ищанов, Гүлзада Саликова "Алғыс хатына" бөленді.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін аудандық мәслихат хатшысының "Алғыс хатымен" аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Света Сарбалиева және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Гүлжанар Өтешова марапатталды.

img_2535

Салтанатты шарада облыстық мәслихат депутаты Серік Идранов және ІІ шақырылымның мәслихат хатшысы Түркбенбай  Нұржігітов аудандық мәслихаттың атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеп, осы бағытта үлкен істерге мұрындық болғанын айта келіп, алдағы уақытта да жергілікті мәслихат билік пен халық арасында шынайы дәнекер, алтын көпір бола беретініне сенім білдірді.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521