Мейірлі жандар мерекесі

(0 Votes)

Науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін дәрігердің айнымас серігі медбикелердің кәсіби мерекесі биыл ерекше ұйымдастырылды.

Жыл сайын елімізде мамыр айының 12-сінде халықаралық деңгейде аталып өтетін медбикелер мерекесі аудан көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға жиналған денсаулық сақтау қызметкерлерін орталық аурухананың бас дәрігері Батырбек Оңдасынов халықаралық медбикелер күні мерекесімен құттықтап, еңбегі еселілерге аудандық емхананың атынан алғыс хаттар табыс етті. Медбикелер арасынан өнерлілерді танып, олардың қабілеттіліктерін шыңдау, мәртебесін көтеру мақсатында «Өз мамандығының шебері» тақырыбымен ұйымдастырылған шара орталық аурухананың акт залында сайыс түрінде ұйымдастырылды. Сайысқа медбикелер арасынан 6 үміткер қатысып, 6 кезең бойынша білімі мен біліктіліктерін ортаға салды.

Медбикелер өнер сайысы кезеңінде бойдағы бар өнерлерін көрсетуге тырысып бақты. Бірі- қолөнер дайындап әкелсе, бірі би билеп, монолог оқыды. Дәмі тіл үйіретін дәмді тағамдарын әзірледі. Үміткерлер пердеден көйлек, целлофан мен шприц қорабынан сөмке мен қазақы нақыштағы кешкі көйлектер тігіп, көрермен көзайымына айналды. Ақ халатты медбикелер ауырған жанның қасына табылып, мамандығын адал атқарумен қатар, он саусақтарынан бал тамған шебер, өнерлі жан екендіктерін танытты. Сайыс болған соң жеңімпазы да болады. Жоғары ұпайға Доссор кентінің жедел-жәрдем бөлімінің медбикесі Аймекен Сәнжанова жетсе, тиісінше, одан кейінгі орындарды жалпы бөлім медбикесі Айгерім Төлеуішова, Доссор емханасының медбикесі Айымгүл Шыныбаева және аудандық емхананың медбикесі Кәмшат Жексенбаева иеленді. Жұқпалы аурулар бөлімшесінен қатысқан Сабина Жексенбаева мен аудандық жедел-жәрдем бөлімінің қызметкері Жанат Бисенова аудандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521