Мамандарға қолдау бар

(0 Votes)

Ел Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылы шыққан қаулысына өзгеріс енгізіп, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бір реттік көтерме жәрдемақы 70 АЕК (айлық есептік көрсеткішке), ал тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік несие 1500 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) теңестірілді. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 15 жыл мерзімге беріледі.

Жас маман өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде аудандағы елдi мекендерде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде 3 жыл қызмет iстеуге келісім-шартпен мiндеттеме қабылдайды. Сонымен қатар, әлеуметтiк қолдау шараларын алушы келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерді қабылдайды:

1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

4) жыл сайын ХҚКО жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;

5) осы келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi. Ал, келісім-шартты бұзған жағдайда тұрғын үй сатып алу үшін алынған бюджеттік кредитті және көтерме жәрдемақыны кері бюджетке толығымен қайтарылады.

Аудан бойынша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін комиссия құрылып жұмысын атқаруда. Биылғы жылы 3 рет комиссия отырысы өтіп, аталған жоба аясында көтерме жәрдемақы алу үшін 9 маманға (5 білім беру, 4 денсаулық сақтау); тұрғын үй сатып алу үшін 2 маманға ( білім беру саласы) несие берілді.

2009-2018 жылдар аралығында 103 маманға көтерме жәрдемақы және 51 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді. Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі ақпараттық-үгіттеу насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданда орналасқан орта білім беру мектептерінде және денсаулық сақтау мекемелерінде дөңгелек үстел-семинарлар ұйымдастырылып отырады.

Г.ҚҰЛБАЕВА,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521