Мақатта адам дәрігерді емес, дәрігер адамды іздейді

(0 Votes)

Облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы және аудандық аурухананың ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығында, «Барыс» базарында, аудан мектептерінде шұғыл көмек көрсететін өкпе-жүрек реанимациясының және суға кету, тұншығу жағдайында көрсетілетін алғашқы көмек көрсету жолдары туралы семинар-тренинг өткізілді.

Сонымен қатар Мақат кенті әкімшілік ғимаратының алдында тұрғындардың қан қысымын өлшеп, оларға жедел көмек көрсетілді.

Аудандағы жедел жәрдем қызметі биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы болып құрылып, аймақтағы аудандарға бір орталықтан медициналық алғашқы көмек көрсетуде. Бас дәрігері Гүлнафис Танбаева бастаған станса қызметі елді мекен тұрғындарына жеделі, әрі сапалы қызмет көрсетуді жауапкершілігіне алған. Ал ауданда аға мейірбике Нұрзия Бисалиева әріптестерімен абыройлы еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда 4 фельдшер маман, 4 диспетшер, 6 автокөлік жүргізуші ауысымдық әдіспен жұмыс атқарады. Науқастарға жедел қызмет көрсетуге арналған 1 реономобильді автокөлікпен жабдықталған. Күніне шамамен 35-ке жуық дабыл қабылдап, алдымен 2-3 сатыдағы жүрек аурулары, қан қысымының көтерілуі, ауа райының тозаңдануына байланысты аллергиялық ауруларға көмек көрсетуге жұмыстанады. Ал диспансерлік есепте тұрған, дене қызуы көтерілген науқастар 4 сатыға жататындықтан, аса қауіпті науқастар санатына кірмейтінін жадылайды мамандар. Әрине, ол үшін аудандағы денсаулық сақтау саласы мамандары медициналық қызмет көрсетуге қашанда дайын.

Тренинг барысында мамандар ХҚКО-ның қызметкерлері мен тұрғындарға адамның жүрегі қысылып қалғанда шұғыл жағдайда қандай көмек жасау керек екенін, суға батып кеткенде, тұншыққанда, тыныс алуы қиындаса, өкпе-жүрек реанимациясы, шашалып қалу тәрізді алғашқы көмектердің көптеген түрлерін үйретті. Тренингке 90-ға жуық тұрғын қатысты.

Мамандар шұғыл көмек кезінде ұйқы артериясында пульсті пальпациялау, тыныс алуы және қан айналымы анықталмаса, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу керектігін жадылады.

Тренинг қатысушыларына жүрек қағысын тыңдаудан бастау алатын алғашқы көмек көрсету ретін түсіндіріп, жедел жәрдем көмектерімен таныстырды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521